
2024 ж. 7-ші ақпанда М. Қозыбаев университетінде Агротехнология факультетінің 4 курс студенттерімен диалог форматында кездесу өтті. Дін Істері Басқармасының теологы Е. Сыздықов пен Конфессияаралық қатынастардың дамыту және талдау орталығының теологы Н.Беков студенттерге ҚР-ның Дін саласындағы заңнаманың негізгі талаптары мен құқық бұзушылықтары туралы айтып, деструктивті діни ағымдардың негізгі белгілерін айқындады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымға тарту әдістерін, зайырлы мемлекеттің қағидаттары туралы да сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды. Жастармен кездесу іс-шаралары әліде жалғасуда.