
2024 жылғы 01 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер Басқармасымен бірлесіп діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысын ұйымдастырды.
Отырыс барысында Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері діни бірлестіктердің басшылары мен құрылтайшыларының декларацияны тапсыру мәселелерін, сондай-ақ уақтылы тапсырмағаны үшін жауапкершілік шараларын қарады.
Әңгімелесу барысында туындаған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.