
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының бастамасымен 2024 жылғы 16 қаңтарда Петропавл қ. Ғ. Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасында қала колледждерінің студенттерімен «Интернет-кеңістік арқылы деструктивті діни ағымдарға тарту қаупі» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Іс-шараның спикері болып дін істері басқармасының маманы Н. Нұрмағамбет сөз сөйледі. Іс-шараның мақсаты жастарды бөтен діни ағымдардан қорғау, ұлтаралық келісімді сақтау және деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік жеткізілді. Іс-шара нәтижесінде студенттер өткізілген тақырыпқа қызығушылық танытып, спикермен диалогқа белсенді қатысты. Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдардың белгілері қарастырылып, әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.