
2024 жылғы 10 қаңтарда «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» КЕАҚ қабырғасында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Н. Нұрмағамбетпен «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-ның сарапшылары А. Серіковпен, А. Ғалиасқаровпен «Интернет кеңістігінде радикалды идеологияның таралу қаупі «Діни қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру», «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты» тақырыптарында Агротехнология факультетінің 4 курс студенттерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндіріліп, деструктивті діни ағымдардың белгілері зерттеліп, әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді.