СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті

СҚО Төтенше жағдайлар департаментінде оқу-әдістемелік жиын шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті

2023 жылғы 07 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде СҚО әкімдігінің ДІБ КММ-нің бас маманы Н. Нұрмағамбет және Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы КММ-нің сарапшысы А. Ғалиасқаров «Идеологиялық және тәрбиелік жұмысы қызметтік-әскери тәртіпті нығайтудағы басымдық» оқу-әдістемелік жиыны аясында СҚО ТЖД қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік және деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.