
2023 жылғы 22-23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында және «Южный» базарында діни экстремизмнің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы тәжік диаспорасы өкілдерімен дін саласындағы мәселелер бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.
Түсіндіру іс-шараларының кешені қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, деструктивті діни идеологияның көріністеріне иммунитетті қалыптастыруға, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және ҚР Дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндіруге бағытталды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері, деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы, сондай-ақ кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.