РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы облыстық кітапханамен өзара іс-қимыл 2023 жылғы 18 қазанда дөңгелек үстел форматында Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері көшбасшылары клубының отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға Петропавл қаласының діни бірлестіктерінің басшылары мен жастары қатысты.

Іс-шараны ашқан басқарма басшысы Р.Қасенова қатысушыларды Рухани келісім күнімен құттықтап, діни бірлестіктердің басшыларына конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту ісіне қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Оқу залдарының бөлім басшысы Н. Чуряк "Діндер диалогынан өркениеттерді жақындастыру" тақырыптық көрмесін ұйымдастырып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады. Мереке тарихына қызықты экскурсияны облыстық кітапхананың іс-шараларын ұйымдастырушы Е.Скакунова дайындады.

Рухани көшбасшылар - әртүрлі конфессияларды білдіретін діни бірлестіктердің басшылары жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға қатысушылар Рухани келісім күніне арналған қайырымдылық акцияларын өткізу мәселелерін, сондай-ақ өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу мәселелеріндегі діннің рөлін талқылады.