
2023 жылғы 29 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Солтүстік Қазақстан бойынша Әскери институты» мекемесінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас мамандары Н.Нұрмағамбет пен Сыздықов Е. «Интернет-кеңістік арқылы деструктивті діни ағымдарға тартылу қаупі» тақырыбында Ұлттық ұлан офицерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, жауапкершілік мәселелері талқыланды. олардың заң бұзушылықтары жөнінде хабарланып, деструктивті діни ағымдардың белгілері тексеріліп, әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауап берілді.