ОБЛЫСТЫҢ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ Ислам мәдениеті мұражайында болды

ОБЛЫСТЫҢ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ  Ислам мәдениеті мұражайында болды

2023 жылғы 25 тамызда облыстың діни бірлестіктері көшбасшылары клубының кезекті отырысы Петропавл қаласындағы Ислам мәдениеті мұражайының базасында өтті.

Кездесуді дін істері басқармасының басшысы Р.Қасенова ашты, ол облыстың діни бірлестіктерінің басшыларымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жамағат пен қауым өкілдері арасында парасаттылықты ілгерілету тақырыбында әңгімелесті.

Іс-шарада спикер ретінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері С.Н. Зайцева сөз сөйледі.

Іс-шара мұражай бойынша таныстыру экскурсиясымен аяқталды.