
2023 жылғы 17-18 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Дін істері басқармасының Мемлекеттік бірлескен тапсырысы аясында «Діни экстремизм мен терроризм идеологиясының беделін түсіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихаттау және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу әдістері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс-шара қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, зайырлылықты насихаттауға, Діни экстремизмнің алдын алуға, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталған.
Оқыту іс-шарасына облыстың барлық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, аудандардың және Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ТҚК хатшылары-аудан әкімдерінің кеңесшілері, облыстың құқық қорғау және арнаулы органдарының өкілдері, облыстың түзеу мекемелері мен ҚМДБ филиалдарының теологтары, дін саласындағы қызметті жүзеге асыратын мамандар шақырылды.
Іс - шараның спикерлері: Д. Жақиянов – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ талдаушысы; М. С. Тойғанов-Ш. Қабылбаев атындағы Академияның экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл жөніндегі ҚАЖ мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталығының жетекшісі, ҚР ІІМ Қостанай қ., психология магистрі, саясаттанушы; А. Б. Сейфуллина.- тәуелсіз сот сараптамасы және мамандандырылған зерттеулер Альянсының сот сарапшысы, әлеуметтік ғылымдар магистрі, саясаттанушы, Астана қ.; Қайыргелді Руслан-оңалту орталығының басшысы, Алматы қаласы бас қалалық мешітінің наиб имамы; Р. С. Баймухаметова-«Рух» Психология және тұлғаны дамыту орталығының басшысы, Петропавл қ.
Семинар барысында қатысушылар тар мақсатты топтарда жұмыс істеудің жаңа әдістерін зерделеп, халықтың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыруға бағытталған практикалық дағдыларды алды.
Іс-шара соңында қатысушыларға әдістемелік брошюралар таратылып, оқыту семинарынан өткені туралы сертификаттар табысталды.