
2023 жылғы 16 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының жоспарланған жобалары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалының діни қызметкерлеріне арналған "Рухани келісім-конфессияаралық диалогтың негізі"тақырыбында оқыту семинары өтті.
Іс - шарада дін саласындағы жетекші сарапшылар: М. С. Тойғанов — Қостанай қаласы Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының басшысы, полиция подполковнигі, психология магистрі, саясаттанушы; Қайыргелді Руслан — оңалту орталығының басшысы, Алматы қаласы бас қалалық мешітінің наиб имамы; А. Н. Оразбаев — «Уақып» қорының президенті, Ермұрат Назарұлы-muftyat.kz. сайт редакторы, ҚМДБ интернет-секторының маманы, Әділбеков Х. Қ. — облыстық "Қызылжар" мешітінің бас имамы сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды:
Іс-шара соңында қатысушыларға тақырыптық әдістемелік брошюралар таратылып, оқыту семинарынан өткені туралы сертификаттар табысталды.