
Дін саласында ақпараттық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында 2023 жылғы 15 тамызда СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова дін мәселелерін баяндайтын облыс журналистерінің пулымен кездесу өткізді.
Бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі таңда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік коммуникацияның маңызды құралы бола отырып, болып жатқан оқиғалар туралы уақтылы және сенімді ақпарат беруге арналған.
Кездесуге қатысушылар экстремизмге байланысты жағдайларды жариялаудың негізгі принциптерін, БАҚ үшін ұсынылатын идеологемалар мен бағдарларды, қолданылатын терминология мен ұғымдарды қарастырды. Дін саласындағы уәкілетті органның басшысы түрлі діни мәселелерді қате түсіндіру, жарияланатын материалдарды қабылдауға теріс әсер етуі, діни негіздегі әлеуметтік қайшылықтарға жағдай жасауы мүмкін екенін атап өтті.
Іс-шара соңында БАҚ және журналистер үшін ҚР АҚДМ конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту бойынша Н. Назарбаев Орталығының сарапшылары әзірлеген әдістемелік ұсынымдар талқыланды.