
2023 жылғы 11 тамызда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті РММ-де СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бас маманы Е. Н.Нұрмағамбет Департамент мамандары үшін «Бөтен діннен сақ бол, діни сауаттылық – қауіпсіз қоғамның кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.