2023 жылдың 3 тамызында Жастар стадионында Діни экстремизмнің алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының (бұдан әрі- Басқарма) қызметкерлері мақсатты топтармен дін саласындағы мәселелер бойынша профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастырды.
Түсіндіру іс-шараларының кешені қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, деструктивті діни идеологияның көріністеріне иммунитетті қалыптастыруға, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын және ҚР Дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілікті түсіндіруге бағытталды.
Профилактикалық іс - шараларға Дін саласындағы мамандар қатысты: Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы — ақпараттық-түсіндіру жұмысы бойынша бас маманы, Сыздықов Ержан Бақытұлы-интернет кеңістіктегі қарсы насихат жұмысы жөніндегі бас маманы.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, оларды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлері, деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы, сондай-ақ кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram