
2023 жылдың 21 маусымында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-нің бас мамандары Сыздыков Ержан Бакытұлы мен Нурмагамбет Нуртас Айбекұлы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында «Дуслык» өзбек этномәдени орталығының мүшелері үшін профилактикалық іс-шара өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары, деструктивті діни ағымдардың белгілері, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.