СҚО ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЛУБЫ

СҚО ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЛУБЫ

2023 жылғы 19 маусымда Дін істері басқармасы Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысын ұйымдастырды. Іс-шара Петропавл және Булаев Епархиясының базасында өтті және екі бөлімнен тұрды.

 Бірінші бөлім барысында Петропавл қаласының барлық Әулиелер ғибадатханасының мұражайына экскурсия жүргізілді, екінші бөлімде күн тәртібіне сәйкес 2 мәселе қаралды: әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің қорытындыларын талқылау және жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу.

Кездесуді СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Р. И. Қасенова ашты. Іс-шараның спикерлері Петропавл және Булаев епархиясының архиепископы Владимир, «Қасиетті Троица» Рим-Католик шіркеуінің басшысы-Лахета Петр Ян болды. Кездесу концерттік бағдарламамен аяқталды.