
2023 жылғы 16 маусымда Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті іске асыратын жоба шеңберінде СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен түрлі нысаналы топтармен жалпы профилактикалық және жеке іс-шаралар кешені ұйымдастырылды.
Іс-шарада республикалық ақпараттық - түсіндіру тобының мүшелері, дін саласындағы жетекші сарапшылар: Кеңесбаева Айша Аманқызы-"Нұр-Мүбарак"Египет ислам мәдениеті университетінің исламтанушысы; Оразбаева Гүлнар Кәкенқызы – «Зерделі ұрпақ» ҚҚ директоры
Іс-шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты», «Деструктивті діни идеологияның пайда болуы мен таралуына жол бермеудің алдын алу», және т. б.
Жоба аясында РАТТ мүшелері келесі мақсатты топтарды қамтыды: мектеп директорларының орынбасарлары, тарих мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері, мектеп психологтары.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.