
Ағымдағы жылдың 15-17 мамырында СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімімен бірлесіп Шал ақын, Тимирязев және Ғ. Мүсірепов ат. аудандарына ақпараттық тур ұйымдастырды. Кездесулер барысында топтық және жеке іс-шаралармен түрлі нысаналы топтар қамтылды: жастар, жоғары сынып оқушылары, ата-аналар жұртшылығы, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қандастар, мешіттер мен православие шіркеуінің діни қызметкерлері мен шіркеулері, еңбек ұжымдары, АТТ аудандарының мүшелері.
Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова, теолог М. Жұмажанов, дінтанушы С.Бердағұлова жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, конфессияаралық және этносаралық келісім, мемлекет зайырлылығының негізгі қағидаттары, шетелде теологиялық білім алудың қауіпсіздігі мен келешегі, дін саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу тақырыптары бойынша түрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.