
Бекітілген ақпараттық турлар кестесі шеңберінде ағымдағы жылғы 26-28 сәуір аралығында СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімімен бірлесіп Уәлиханов, Ақжар және Тайынша аудандарының әртүрлі нысаналы топтары арасында көшпелі әр түрлі форматты іс-шаралар кешенін өткізді (АТТ мүшелері, діни бірлестіктердің басшылары, конфессиялардың өкілдері, оқушылар мен жұмысшы жастар, еңбек ұжымдары және т. б.). ДІБ басшысы Р.Қасенова, дінтанушы С.Бердағұлова және теолог Д.Кабдулвалинов аудиторияға «Нысаналы топтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу әдістері», «Қазақстандағы конфессияаралық әртүрлілік», «Діни төзімділік-тұрақтылықтың кепілі», «Шетелде теологиялық білім алудың қауіпсіздігі мен келешегі жоқ», «Шетелге тарту әдістері туралы», «Дін саласындағы заңнаманың негізгі қағидаттары»тақырыптарды ұсынды. Жастар аудиторияларында баспа тақырыптық материалдар таратылды. Аудандық АТТ мүшелерімен бірлесіп аудандардағы ағымдағы діни ахуал қаралды, ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспарлары талқыланды, қорытындысында ұсынымдар берілді. Келесі ақпараттық тур Ғ.Мүсірепов ат., Тимирязев және Шал ақын аудандарында өтеді.