СҚО діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы

СҚО діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы

1 наурызда ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері көшбасшылары клубының бірінші отырысы өтті. Іс-шараға Петропавл қаласының аумағында орналасқан барлық ғибадат ғимараттарының басшылары шақырылды. Кездесуді аша отырып, СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы Р. И. Қасенова қатысушыларды алғыс айту күнімен құттықтап, қатысушыларға жақсылық, денсаулық, амандық, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен бейбіт аспан тіледі!

Жылыту маусымында діни объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өрттердің пайда болу себептерін, өрт қауіпсіздігі ережелері мен алгоритмін түсіндіру мақсатында клуб мүшелері мен шақырылғандар алдында басшылық қатарынан СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері сөз сөйледі: Д. И. Растихин – СҚО ТЖД бастығының орынбасары, А. Ж. Ахметжанов – СҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы. Іс-шараға қатысушыларға келесі тақырыптар ұсынылды: «Ағымдағы жағдай және өрттердің пайда болуының анықталған тенденциялары туралы», «Өрттердің пайда болу себептері мен салдары», «Діни объектілердегі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау».

Іс-шара дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қосқан үлесі үшін теологтар Қ. Ж. Мұстафин мен Е. Б. Сыздықовқа Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Е. Б. Нукежановтың алғыс хаттары табыс етілді.