
2022 жылғы 05 қаңтарда Дін істері басқармасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Дуслық» этномәдени орталығының төрағасы Н. К. Абраевпен және татар-башқұрт қауымы жанындағы «Дін Махаммад» қалалық мешітінің өкілі И. И. Ахметжановпен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес барысында діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, 2022 жылдың қорытындысын шығару және 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар мәселелері қаралды.