Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

Ағымдағы жылдың 10-11 қарашасында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бастамасымен «Діни материалдар бойынша сот сараптамасының әлеуетті мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту семинарларының циклі өтті.

Іс-шараға қатысушылар: облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьялары, құқық қорғау органдарының өкілдері, «діни экстремизм-терроризм» баптары бойынша әкімшілік және қылмыстық материалдар шеңберінде қызметті жүзеге асыратын облыстық полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері; көрсетілген бағытта жалпы қадағалауды жүзеге асыратын СҚО бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің, облыстық Адвокаттар алқасының, сондай-ақ облыстық прокуратураның өкілдері.

Іс-шаралар спикері ретінде Тәуелсіз сот сараптамасы альянсының директоры, сот сарапшысы Р. А. Ақбарова сөз сөйледі.

Іс-шаралар өзекті мәселелерді талқылау және пікір алмасу арқылы аяқталды.