
6 қарашада «Барс» мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Петропавл қ. діни бірлестіктер командалары арасында волейболдан жолдастық турнир өтті.
Іс-шара дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы күніне арналған. Жолдастық турнир «Жаңа Қазақстан терроризмге жол жоқ» ұранымен өтуде.
Турнирге 7 команда қатысты: облыстық «Қызылжар» мешітінің, қалалық «Қызылжар» және «Дин Мұхаммед» мешіттерінің, Петропавл және Булаев епархиясының, «Благодать» пресвитериан шіркеуінің, дін істері басқармасы, ішкі саясат басқармасы.
Іс-шара қорытындысы бойынша 1 орынды облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің командасы, 2 орынды — СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, 3 орынды – «Благодать» пресвитериан шіркеуі иеленді.
Жеңімпаздар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.