
2022 жылғы 17-18 қазанда өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу шеңберінде СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен дін мәселелері бойынша профилактикалық және оқыту іс-шараларының кешені өткізіледі.
Түсіндіру іс-шараларының кешені қазақстандық қоғамның дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға, сондай-ақ дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіруге бағытталған.
Профилактикалық іс-шараларға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, дін саласындағы жетекші сарапшылар: Л. С. Шәкімова – сарапшы-психолог, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының құрметті профессоры, отставкадағы ҰҚК подполковнигі; исламтанушы – Ш. А. Әділбаева, Мысыр ислам мәдениеті университетінің PhD профессоры «Нұр-Мүбарак»; Синяков О. В. - Астана қ. Дін проблемаларын зерттеу орталығының дінтанушысы; Байжігітов Д. Т. – «Насихат» консультациялық-оңалту орталығы» ҚБ теологы.
Бүгін, 17 қазанда Рухани келісім күнінің 30 жылдығы аясында облыстың рухани көшбасшыларының, облыстың құқық қорғау және арнайы органдарының, аудандар мен Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімдерінің өкілдерінің, профилактикалық жұмысқа тартылған мамандардың қатысуымен «Қазақстан – келісім аумағы» форумы ұйымдастырылды. Іс-шара рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, адамдар бір-біріне құрметпен қарайтын, қолданыстағы заңдарды, жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелерін, әдет-ғұрыптарды, мәдениетті қабылдайтын және сақтайтын толерантты қоғамды нығайтуға бағытталған.
Сол күні түрлі нысаналы топтарда бірқатар профилактикалық іс-шаралар өткізілді: құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің қатысуымен оқыту семинар-тренингі, оның барысында тар нысаналы топтармен жұмыс істеудің өзекті әдістері қаралды; спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат оқушыларымен алдын алу-түсіндіру кездесуі, сотталған әйелдермен жеке әңгімелер.
Ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешені ертең жалғасатын болады.