Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

29 қыркүйекте Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бастамасымен гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен «Дін қоғамдық аренада, діни белгісі бойынша кемсітушіліктің алдын алу және жолын кесу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс – шараны СҚО ДІБ діни бірлестіктерімен үйлестіру және өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы Р.М. Шамшутдинова ашты. Өз сөзінде спикерлер С. В. Первушин – Петропавл және Булаев Епархиясы епархия басқармасының хатшысы және     А. М. Уагазов – «Қызылжар» қалалық мешітінің мұғалімі түрлі конфессиялар мен этностар өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен құрметті сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, діни және басқа да белгілер бойынша кемсітушілікке жол берілмейтіндігін атап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар пікір алмасты.