Лаңкестiкке қарсы аудандық коммисиялар хатшыларына арналған оқыту семинары

Лаңкестiкке қарсы аудандық коммисиялар хатшыларына арналған оқыту семинары

28 маусымда облыстың ЛҚК аппараты дiн iстерi басқармасымен өзара iс-қимыл жасай отырып, аудан әкiмдерi аппараттарының ЛҚК хатшылары үшiн оқыту семинарын өткiздi. Iс-шараның модераторы СҚО әкiмi аппаратының бас маман-лаңкестiктiң алдын алу және ескерту секторының меңгерушiсi Р. Хамзин болды.

Аудандық антитеррористiк комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты мәселелер, аудандар жүргiзiп жатқан жұмыстарға талдау жасау, Қазақстан Республикасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру мәселелерi қаралды.

ДIБ басшысы Р.Қасенова «Интернет желiсiнде ақпараттық насихаттаудың жаңа әдiстерi және оған қарсы iс-қимылдың өзектi шаралары туралы» тақырыбында сөз сөйледi.

Кездесу пiкiр алмасумен және профилактикалық жұмыс кешенiн жүргiзу алгоритмiн қабылдаумен аяқталды.