Ғылыми-тәжiрибелiк конференция

Ғылыми-тәжiрибелiк конференция

17 маусымда Оқушылар сарайында Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Солтүстiк Қазақстан филиалы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасымен бiрлесiп, өзара iс-қимыл жасай отырып, «Солтүстiк Қазақстан облысының рухани мұралары» тақырыбында ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткiздi.

Конференцияны Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.С. Нығыметов ашты. Iс-шараға Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының өкiлi Д.Н. Сайфуллин қатысты.

Облыстың этникалық тарихын, облыс пен елдiң дамуына елеулi үлес қосқан тарихи тұлғаларды, топомимика мәселелерiн, облыс мешiттерi мен «Алтын орда» және «Қызыл оба» қорғандарының тарихын облыс пен елдiң дамуына елеулi үлес қосқан ғалымдар мен тарихшылар баяндады. Олардың iшiнде А.Ғ. Ыбыраева, Ж.Н. Сартаев, С.Б. Ыбырай, С.З. Мәлiкова, Қ.Ғ. Шақшақов, С. Жақсыбай, А.Қ. Қайыров және Р.М. Мәмбеталинов

Конференция соңында облыстық «Қызылжар» мешiтiнiң бас имамы Х.Қ. Әдiлбеков спикерлерге «Уақыт және сен» кiтабын сыйға тартты және барлығына қатысқаны үшiн алғысын бiлдiрдi.