Балалар жылы аясындағы дiн өкiлдерiнiң қайырымдылық акциялары

Балалар жылы аясындағы дiн өкiлдерiнiң қайырымдылық акциялары

Балалар жылы аясында 1 маусымда облыстың дiни бiрлестiктерi СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жетiм, мүмкiндiктерi шектеулi балалар, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшiн бiрқатар қайырымдылық акцияларын өткiздi. Облыстық «Қызылжар» мешiтiнде «Солнечный дом» қоғамдық қорының, Петропавл және Булаев епархиясының тәрбиеленушiлерiмен мерекелiк кездесу өткiзiлдi, ҚР АҚДМ ДIК және «Евангелиялық Қазақстанның христиан дiнi одағы» ЗТБ, «Освобождение» облыстық дiни бiрлестiгi арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы» КММ тәрбиеленушiлерiмен мерекелiк кездесу өткiзiлдi. Көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы өткiзiлдi. Өткiзiлген iс-шаралар барысында балаларға сыйлықтар, сертификаттар, кәдесыйлар табыс етiлдi. Бұл жұмысты дiни бiрлестiктер бүкiл облыс бойынша жүргiзедi және жыл бойы жалғасатын болады.