
12 мамырда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы облыстың Рим-католик шiркеуiмен бiрлесiп Тайынша ауданы Озерное ауылының қасиеттi және киелi жерлерiне экскурсия ұйымдастырды.
Облыстың конфессиялар базасында дiни бiрлестiктер көшбасшылары клубын өткiзу туралы шешiм алдыңғы отырыста қабылданып, бастаманы дiни бiрлестiктер басшылары қолдады.
Саяхат барысында рухани көшбасшылар «Әлем патшайымдары» рим-католик приходына, «Қазақстан жұлдызы» алтарiне, Волын шоқысына және Кармелитка апалы-сiңлiлерiнiң әйелдер монастырына барды.