
«Қызылжар» Солтүстік Қазақстан облыстық мешіті «Зекет» қайырымдылық қорымен бірлесіп апта сайын «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын өткізеді. Бұл акция аясында күнкөріс деңгейі төмен және көп балалы 60 отбасыға, 45 жетім балаға, 250 студентке көмек көрсетілді. Сонымен қатар 15 азық-түлігі бар себет ЕС-164/6 түзеу мекемесіне берілді. Ифтармен 5 мыңнан астам адам қамтылды.