
Бүгiн облыстық прокуратурамен, СҚО полиция департаментiнiң экстремизмге қарсы iс-қимыл басқармасымен, ҚМДБ облыстық филиалымен бiрлесiп, дiн iстерi басқармасының басшысы Р.И. Қасенова Петропавл қаласы жамағатының белсендi бөлiгiмен кездесу өткiздi. Облыстағы ағымдағы дiни ахуал мәселелерi, дiн саласындағы қолданыстағы заңнаманың негiзгi қағидаттары қаралды. Облыс тұрғындары өткен жылы және 2022 жылдың басынан бастап жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы толығырақ тоқталды. Жамағаттың өкiлдерi ҚР «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының жекелеген баптарына қатысты өз ойларын бiлдiрдi.
Кездесу соңында ол кездесуге қатысушыларға дiн саласындағы кез-келген құқық бұзушылыққа жол бермеу туралы негiзгi тезистердi жеткiздi.