
Наурыз мейрамы қарсаңында Солтүстiк Қазақстан облысының дiни бiрлестiктер көшбасшылары клубының отырысы өттi. Клуб отырысында Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң 7 Съезi өттi.
Отырысты ашқан дiн iстерi басқармасының басшысы Р. Қасенова әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшылары съезiнiң дiнаралық диалогтағы жасампаздық рөлiн және оның Қазақстан үшiн маңыздылығын атап өттi.
«Евангелиялық сенiм христиандарының шiркеуi» дiни бiрлестiктерiнiң жетекшiлерi Арсентьев В.А. және «Агапе» Евангелиялық христиан шiркеуi» дiни бiрлестiгiнiң жетекшiлерi Полищук Н.Л. азаматтардың әлеуметтiк-рухани дамуы тұрғысынан дiни бiрлестiктiң жүргiзiп жатқан жұмыстары туралы айтып бердi.
Дiни экстремизмнiң алдын алу және оңалту жұмысы бөлiмiнiң басшысы С.О. Мейманова клуб қатысушыларын Дiни қызмет саласындағы, мемлекеттiк қызмет көрсету бөлiгiндегi заңнамаға енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен таныстырды.
Одан кейiн клуб мүшелерi Мемлекет басшысының 16.03.2022 жылғы Жолдауын талқылап, барлық айтылған реформаларды бiрауыздан қолдады.
Кездесу соңында Р. Қасенова бұл 2022 жыл бала жылы деп жарияланғанын айтып, облыстың дiни бiрлестiктерiнiң басшыларын қайырымдылық iс-шаралар мен акцияларға белсендi қатысуға шақырды. Клуб мүшелерi мәселелердi талқылап, пiкiр алмасып, алдағы жылға арналған жоспарларымен бөлiстi.