
СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасының бастамасымен бүгiн облыстық «Қызылжар» орталық мешiтiнде қалалық және аудандық мешiттердiң имамдары үшiн «Дiни нысандардағы өрт қауiпсiздiгiнiң негiздерi» тақырыбында оқыту семинары өттi.
Семинар барысында Петропавл қ. ТЖБ инженерi аға лейтенант Д.Тютеновпен қатысушыларды өрт қауiпсiздiгiне қойылатын жалпы талаптармен таныстырды. Қатысушылар өзектi мәселелердi талқылап, пiкiр алмасты.