Халықаралық әйелдер күнi қарсаңындағы құттықтаулар

Халықаралық әйелдер күнi қарсаңындағы құттықтаулар

Бүгiн Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында дiн iстерi басқармасының басшысы Р.И. Қасенова меконфессиялық қатынастардың дамуына үлкен үлес қосып жатқан нәзiк жандыларды құттықтады. «Конфессияаралық және этносаралық қатынастарды зерттеу орталығы» ҚБ төрайымы С.К. Сүлейменова СҚО әкiмiнiң Құрмет грамотасымен, «Демеу» ЖҒУ директоры Ж.С. Саттарова СҚО әкiмiнiң Алғыс хатымен марапатталды.

Iс-шара соңында басқарма басшысы кездесуге қатысушыларға саланың дамуына қосқан елеулi үлесi үшiн алғыс айтып, зор денсаулық, бақыт, амандық және кәсiби табыс тiледi.