
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлiмiмен өзара iс-қимыл жасай отырып, 26.07.2021 ж. — 28.07.2021 ж. аралығында Қызылжар ауданының Бескөл ауылында, Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында және Есiл ауданының Явленка ауылында мектептер мен балалар кiтапханаларының кiтапхана қорларына кiтаптардың және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың болуына мониторинг жүргiздi. Анықталған дiни мазмұндағы материалдар дiнтану сараптамасына жiберiлдi.