"Дiни сауаттылықты арттыру және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу бойынша халықпен жұмыс кезiнде ақпараттық ықпал ету әдiстерi"

"Дiни сауаттылықты арттыру және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу бойынша халықпен жұмыс кезiнде ақпараттық ықпал ету әдiстерi"

2021 жылғы 18-19 мамырда СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы "Дiни сауаттылықты арттыру және дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алу бойынша халықпен жұмыс кезiнде ақпараттық ықпал ету әдiстерi" атты 2 күндiк оқыту семинарын өткiздi, оған Петропавл қаласы мен аудандардың iшкi саясат бөлiмдерiнiң басшылары, мамандары және Облыстың дiн мәселелерi бойынша ақпараттық-түсiндiру топтарының мүшелерi қатысты.

Семинарды аша отырып, басқарма басшысы Роза Қасенова бүгiнгi таңда өңiрдегi дiн саласындағы жағдай тұрақты, алайда дiни бiрлестiктердiң жекелеген өкiлдерiнiң уағыздау қызметi белсендi жүрiп жатқанын және бұл тұрғыда түсiндiру жұмыстарын күшейту қажеттiгiн атап өттi. Сондай-ақ, ҚР АҚДМ КДР әдiстемелiк ұсынымдарына сәйкес, жергiлiктi жерлерде дiн саласындағы мемлекеттiк саясатты түсiндiру, сондай-ақ халықтан керi байланыс алу мақсатында тәуекел дәрежесi деңгейiне қарай бөлiнген нысаналы топтардағы жұмысқа баса назар аудару қажет екенiн атап өттi.

Семинар барысында заңсыз миссионерлiк қызмет үшiн құқықтық жауапкершiлiк, экстремистердiң белгiлерiн және олардың адамдарды өз желiлерiне тарту үшiн пайдаланатын әдiстердi анықтау, дiни ұйымдардың жекелеген өкiлдерiнiң тiтiркендiргiш әрекеттерiнен өздерiн қалай қауiпсiздендiру мәселелерi қаралды.

Барлық қатысушылар осы семинардың өзектiлiгi туралы айтып, тоқсан сайын осындай оқытуды өткiзу туралы ұсыныс бiлдiрдi.

Iс-шара пiкiр алмасу және демалыс сауалнамасымен аяқталды.