
Бүгiн 2021 жылы 10 наурызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгiнiң "Стратегиялық сессияларын" iске асыру шеңберiнде Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Әнуар Хатиевтiң төрағалығымен онлайн нысанда жұмыс кездесуi өттi.
Кездесуге СҚО әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасының қызметкерлерi, "Ақпарат және қоғамдық даму және ақпарат орталығы" КММ, Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлiмi,СҚО әкiмдiгiнiң iшкi саясат басқармасы, АТТ мүшелерi және теологтары қатысты.
Басқарма басшысы Рауза Қасенова 2020 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2021 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады, кездесу барысында Қазақстан Республикасының дiн саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған кешендi жоспарының негiзгi бағыттары талқыланды.
Кездесудiң қорытындысы бойынша дiни саладағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды жетiлдiру бойынша идеялар мен ұсыныстар айтылды.