21 шілдеде Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері Жастар ресурстық орталығының қызметкерелерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Кездесудің мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын орнықты түсінуді қалыптастыру болды.
Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Әсіресе, діни әртүрлілік, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті және маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды.
Мұндай ашық диалог құқықтық мәдениетті нығайтуға, сыни ойлауды дамытуға және, әсіресе, діни білімге қатысты ақпарат көздерін таңдауға саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.