Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

20 шілдеде Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері С. Молжігітов Петропавл қаласының Жұмыспен қамту бөлімінің ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесудің мақсаты – діни сауаттылықты арттыру және зайырлы мемлекет қағидаттарын терең түсінуді қалыптастыру болды.
Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ діни әралуандылық, әртүрлі дүниетанымдарға құрметпен қараудың маңыздылығы және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сарапшы тарапынан барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.
Мұндай ашық форматтағы диалог қоғамдық келісімді нығайтуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және әсіресе діни білімге қатысты ақпарат көздерін саналы түрде таңдауға ықпал етеді.