«Тайга» нарығында профилактикалық түсіндіру жұмыстары

«Тайга» нарығында профилактикалық түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 22 қаңтарда СҚО ДІБ жанындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкерлері «Тайга» нарығының жұмысшыларымен профилактикалық жұмыс жүргізді.

Өткізілген іс-шара аясында қатысушыларға ақпараттық брошюралар таратылды. Таратылған материалдарда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 «Діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуы туралы» қаулысы қамтылды.

Қызметкерлер діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды (сувенирлік өнімдер, күнтізбелер және басқа да материалдар), сондай-ақ діни мақсаттағы заттарды (иконалар, таспихтар және т.б.) таратуға тек ғибадат ғимараттарында (құрылыстарында), діни (рухани) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы айқындаған өзге де стационарлық үй-жайларда ғана рұқсат етілетіні еске салынды.

Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.