
02 желтоқсан 2025 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында дін мәселелері бойынша дәріс өткізілді. Спикері СҚО ДІБ КҚҚТДО сарапшы-талдаушысы Березина Елизавета Олеговна болды.
Дәріс барысында діни салаға қатысты маңызды тақырыптар қарастырылды, олардың ішінде:
діни қызметпен байланысты негізгі құқықбұзушылық түрлері;
діни салаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіндегі негізгі өзгерістер;
діни бірлестіктермен және азаматтармен дінді ұстану мәселелері бойынша өзара әрекеттесу кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі.
Қосымша ретінде мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды өзекті мәселелер талқыланды:
экстремистік идеялардың таралуы және онлайн-радикализация;
діни іс-шараларды өткізу тәртібі және уәкілетті органдарды хабардар ету қажеттілігі;
қызметтік міндеттерді орындау кезінде зайырлы мемлекет қағидатын сақтау;
діни саладағы заңнама бұзушылықтарын анықтау кезіндегі іс-қимыл алгоритмі.
Қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, мазмұнды әрі құзыретті жауаптар алды, бұл нәтижелі пікірталасқа және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етті.