
Солтүстік Қазақстан облысында дін саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Солтүстік Қазастан облысы бойынша Тәжіктердің республикалық орталығы» этномәдени бірлестігінің өкілдерімен профилактикалық кездесу өтті.
Іс-шара Евразиялық базар аумағында этномәдени бірлестік өкілдері мен базарларда қызмет ететін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қатысуымен өтті. Кездесу барысында дін саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының негізгі талаптары мен құқықбұзушылықтарды болдырмау шаралары талқыланды.
Заңнаманың негізгі нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын СҚО Дін істері басқармасының басшысы Рауза Ивановна Қасенова жүргізді. Өз сөзінде ол азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың және деструктивті діни ағымдармен байланысты қауіптер туралы уақытылы хабардар етудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ этномәдени бірлестіктің профилактика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге дайын екендігі айрықша атап өтілді.