Діни экстремизмнің алдын алу: Мемлекеттік қызметшілерге арналған іс-шара

Діни экстремизмнің алдын алу: Мемлекеттік қызметшілерге арналған іс-шара

10 қарашада «ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыс»тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ оны бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, семинарда діни экстремизмнің алдын алу мәселелеріне және мемлекеттік қызметшілер арасында деструктивті ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Семинар аясында қатысушылар белсенділік танытып, дін саласындағы заңнама нормаларын іс жүзінде қолдануға және ықтимал құқық бұзушылықтарға ден қою шараларына қатысты сұрақтар қойды.Мұндай іс-шараларды өткізу құқықтық сауаттылықты арттыруға және мемлекеттік қызметте зайырлылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.