Бескөл мектеп — колледжінде Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы маманының қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті

Бескөл мектеп — колледжінде Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы маманының қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті

30 қазан күні Бескөл мектеп — колледжінде ата-аналар жиналысы өтіп, оның барысында Қазақстан Республикасының діни заңнамасына қатысты өзекті мәселелер бойынша семинар ұйымдастырылды.

СҚО ІІБ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының қызметкері дін саласындағы заңнаманың негізгі ережелерін егжей — тегжейлі түсіндірді. Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің бірінің қарсылықтары болған кезде кәмелетке толмағандардың діни бірлестіктердің қызметіне тартылуына және (немесе) қатысуына жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Өткізілген семинар ата-аналардың құқықтық хабардарлық деңгейін арттыруға, конфессияаралық келісім құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды діни тәрбиелеу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.