Петропавл қаласында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық жоба басталды

Петропавл қаласында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған республикалық жоба басталды

2025 жылғы 16 маусымда Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының легі басталды. Жоба Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының қолдауымен жүзеге асырылуда және оның мақсаты — дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мен діни экстремизмнің алдын алу.

Жобаның алғашқы күні Петропавл қаласында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен семинарлар мен кездесулер өтті. Қатысушылар қатарында:
— Мустафина Т. – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің (Астана қ.) оқытушысы;
— Нурахметұлы А. – теолог, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС (Астана қ.) маманы.

Кездесулер студенттермен, оқытушылармен, жастармен және еңбек ұжымдарымен өтті. Онда келесі тақырыптар қозғалды:

«Деструктивті идеологияға қарсы тұру дағдылары»,

«Қоғамдағы дінтанулық сауаттылықтың маңызы»,

«Діни экстремизм мен терроризм қаупі» және басқа да өзекті мәселелер.

Аталған іс-шараларды Тайынша, Ғ. Мүсірепов, Айыртау және Қызылжар аудандарында жалғастыру жоспарланған.