
16 маусым күні Петропавл қаласындағы Ислам мәдениеті мұражайында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі М. Отарбаевтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы өкілдерімен кездесуі өтті.
Сенімді әрі конструктивті ортада өткен кездесуде тараптар Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінің негізгі тұстарын талқылады.
Мәлік Нұржанұлы Құрылтайдың дәстүрлі халық жиынының жалғасы ретінде ұлттық бірлікті нығайтуда, мәдени және рухани құндылықтарды сақтауда, азаматтық қоғамды дамытуда маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында өңірдің рухани дамуы, діни көшбасшылардың адамгершілік құндылықтарды нығайтудағы, төзімділік пен өзара түсіністікті насихаттаудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Бұл кездесу мемлекет пен діни қауымдастық арасындағы конструтивті диалогты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.