КЕЛIСIЛДI:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл Агенттiгi
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
департаментiнiң басшысы
__________________ Е.Е. Баянғазин
«___»______________2021 жыл
БЕКIТЕМIН:
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң дiн iстерi
басқармасының басшысы
_________________ Р.И. Қасенова
«___»______________2021 жыл
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасының 2021 жылға арналған
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ IС-ҚИМЫЛ ЖӨНIНДЕГI ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Іске асыру мерзімі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
Ұйымдастыру іс-шаралары |
|||
|
|
Мемлекеттік қызметшілер штатының қысқаруына байланысты пайдаланылатын басқару алаңдарының мониторингі |
Мемлекеттік органды ұстауға жұмсалатын шығындарды үнемдеу (мүмкін: босаған алаңға жалға алу шарттары) |
2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін |
|
|
Ашық бюджеттердің интерактивті картасында ұстауға арналған бюджеттерді жариялау |
Картадағы бюджеттердің жарияланымдары туралы есеп |
2021 жылғы 20 ақпанға дейін |
|
|
Құрылысқа, жөндеуге, субсидиялауға, ТЖҚ сатып алуға және т.б. арналған бюджеттерді ашық бюджеттердің интерактивті картасында жариялау (бар болса) |
Картадағы бюджеттердің жарияланымдары туралы есеп |
Осы тармақ Мемлекеттік сатып алу жоспарында жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін |
|
|
Ашық бюджеттердің интерактивті картасына түсетін өтініштерді қарау (болған жағдайда) |
Ашық бюджеттердің интерактивті картасында өтінішке жауапты жариялау |
Өтініштерді қарау туралы заңнамада көзделген мерзімдерде |
|
|
Басқарманың ресми Интернет-бетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары мен шараларын орналастыру |
Ресми интернет-бетте жариялау |
Қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде |
|
|
Басқарманың ресми Интернет-бетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды оларды жетілдіруді жүргізе отырып орналастыру |
Ресми интернет-бетте жариялау |
Қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде |
|
|
Азаматтарды жеке қабылдауды өткізу (оның ішінде онлайн форматта) |
Хаттамалар |
Өтініштерге қарай |
|
|
Жұмысты жетілдіру және шағымдарды тудыратын себептерді жою мақсатында өтініштерді және олардағы сын ескертпелерді талдау және жалпылау нәтижелерін жариялау арқылы қоғамдық пікірді зерделеу |
Ресми интернет-бетте, әлеуметтік желілерде жариялау |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Декларацияларды ұсынуды ұйымдастыруды бақылау |
Декларацияны тапсыру туралы анықтама немесе хабарлама |
2021 жылғы наурыз |
|
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы |
|||
|
|
Қабылданатын шешімдердің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында бюджетті қалыптастыру, оны жоспарлау және іске асыру мәселелерін түсіндіру бойынша халықпен кездесулер (оның ішінде онлайн форматта) өткізу |
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы жарияланымдар |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Мемлекеттік органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін түсіндіру үшін тұрғындармен кездесулер өткізу (оның ішінде онлайн форматта) |
Ресми интернет-бетте, әлеуметтік желілерде жариялау |
Апта сайын уәкілетті органның кестесіне сәйкес |
|
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін цифрландыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша шаралар қабылдау |
Уәкілетті органға есеп |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар кешенін өткізу |
БАҚ-да жарықтандыру |
2021 жылғы 9 желтоқсанға дейін |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша көрнекі өнімдерді орналастыру (адамдар көп жиналатын жерлерде флайерлер, бейнероликтер және аудиороликтер) |
Уәкілетті органға есеп |
2021 жылғы 1 сәуірге дейін |
|
|
«Antikor.Live» бағдарламасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды түсіндіру |
Әлеуметтік желілердегі тікелей эфир, уәкілетті органға ақпарат |
Бекітілген кесте бойынша айына 1 рет |
|
|
«Адал көмек» жобасы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсету және заң консультацияларын өткізу |
Әлеуметтік желілердегі тікелей эфир, уәкілетті органға ақпарат |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы зерделеу және парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеу мәселелері бойынша ұжым ішінде ЕИД (бірыңғай ақпараттық күн) ұйымдастыру |
Хаттама, уәкілетті органға ақпарат |
Айына 2 рет |
|
|
Діни іс-шараларды өткізу барысында облыстың дәстүрлі діни бірлестіктері дін қызметшілерінің парасаттылық, әділдік, адалдық, адамгершілік қағидаттарын насихаттау |
БАҚ-да жарықтандыру Уәкілетті органға ақпарат |
Тоқсанына 1 реттен кем емес |
|
|
Дін өкілдері қатарынан ақпараттық-ағартушылық штаб құрамына қосу үшін спикерлер пулын қалыптастыру. |
Уәкілетті органға ақпарат |
2021 жылғы 20 ақпанға дейін |
|
Қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг |
|||
|
|
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссиялардың құрамына жұртшылық өкілдерін енгізу |
Комиссия құрамын бекіту туралы бұйрықтар және мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша хаттамалар |
2021 жылғы 20 ақпанға дейін және одан әрі жыл ішінде комиссияларды қалыптастыру кезінде |
|
|
Барлық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметіне олардың жұртшылықтың қызметіне қатысуы және отырыстар барысын онлайн-трансляциялау мүмкіндігі тұрғысынан мониторинг жүргізу. Заңнамалық деңгейде тыйым салынбаған жағдайда комиссиялар мен жұмыс топтарының құрамына онлайн көрсетілімдерді пайдалана отырып, жұртшылық өкілдерін қосу |
Құрамдарға енгізудегі бұйрықтар, отырыстар туралы хаттамалар |
2021 жылғы 1 сәуірге дейін |
|
|
Мүдделер қақтығысын мониторингтеу (өзінің немесе жақын туыстарының, жекжаттарының, таныстарының пайдасына шешім қабылдау фактілерін анықтау) |
Уәкілетті органға жолдай отырып, мониторинг жүргізу туралы анықтамалар |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Ақшалай айыппұл салу және жалақы деңгейімен салыстыру арқылы бағыныстылардың әкімшілік жауапкершілігінің мониторингі |
Уәкілетті органға жолдай отырып, мониторинг жүргізу туралы анықтамалар |
2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін |
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мониторингі (туыстарының бірлескен жұмыс, кәсіпкерлік қызметке қатысу фактілерін анықтау, сыйақылар мен сыйлықтар қабылдау) |
Уәкілетті органға жолдай отырып, мониторинг жүргізу туралы анықтамалар |
Тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін |
|
|
Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бойынша басшылардың дербес жауапкершілігіне мониторинг жүргізу |
Уәкілетті органға жолдай отырып, мониторинг жүргізу туралы анықтамалар |
Тікелей бағыныстыларға қатысты сот үкімі шыққан күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін |
|
|
Қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ-ты тарта отырып, сондай-ақ қорытындыларды әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жариялай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу |
Ресми интернет-бетте жариялау |
2021 жылғы 1 қарашаға дейін |
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша әзірленген ұсынымдарды орындау |
Уәкілетті органға жолдай отырып, мониторинг жүргізу туралы анықтамалар |
Ішкі талдау аяқталған күннен бастап 6 айға дейін |
|
|
Мемлекеттік сатып алу деңгейін бәсекеге қабілетсіз тәсілмен төмендету |
Мемлекеттік сатып алу порталында есеп беру және ресми Интернет-бетте және әлеуметтік желілерде жариялау |
Жылына 2 рет: шілде, желтоқсан |
|
|
Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағаларын нарықтық бағалардан көтеру фактілеріне жол бермеуден көрінетін бюджет қаражатының ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау |
Уәкілетті органға хат |
Бағаны көтеру туралы хатты алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде |
|
«Қызылжар-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің істері бойынша |
|||
|
|
Білім беру, құрылыс, денсаулық сақтау және т.б. салалардағы проблемаларға қатысты мәселелер бөлігінде «Қызылжар-адалдық алаңы» жобасының фейсбук, инстаграм парақшаларына мониторинг жүргізу |
Апта сайынғы баспасөз шолуы |
|
|
|
«Қоғамдық бақылау картасы» жобасының телефондарына келіп түскен ақпаратты талдау, оларды кейіннен уәкілетті органға жолдау |
Қабылданған шаралар туралы ақпарат |
2021 жыл |
|
|
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде «көмекшілерді» анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу |
Қабылданған шаралар туралы ақпарат |
2021 жыл |
|
|
Тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде материалдарды ұсынуға жәрдемдесу |
Анықтама |
2021 жыл |