ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi бекiткен халық арасында атаулы ақпараттық-түсiндiру жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес өңiрде 2020 жылға арналған нақты ақпараттық-түсiндiру жұмысының жоспары әзiрлендi, құрамында 97 адам бар 16 АТЖ құрылды.
Эпидемиологиялық жағдай және карантин режимi бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстары төтенше жағдайға дейiн 3 кезеңде, карантин режимiнде және карантин режимiн жеңiлдеткеннен кейiн онлайн-жұмыс жүргiзiлдi.
Жыл басынан бүгiнгi күнге дейiн 708 ақпараттық-түсiндiру iс-шаралары өткiзiлдi, оның iшiнде онлайн-форматта 484 iс-шара және офлайн-форматта 224 iс-шара өткiзiлдi, қамтылған 11 669 адам, оның iшiнде жастармен 373 iс-шара.
Аудандарда дiн саласында бiлiктi мамандардың болмауына байланысты облыста АТЖ көшпелi жұмысын ұйымдастыру үшiн кәсiби дiнтанушылардан, теологтар мен психологтардан тұратын пул ұйымдастырылды.
СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң сотталғандарымен және ДДА жақтаушыларымен жеке профилактикалық және оңалту жұмыстарын жүргiзу үшiн құрамына теологтар, дiнтанушылар, ресми дiн өкiлдерi кiретiн облыстық мамандандырылған АТЖ құрылды.
Дiн iстерi басқармасы мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесе отырып жүйелi түрде мақсатты жұмыстар жүргiзiп, ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының әдiстерiн жетiлдiрiп, АТЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру бойынша тиiмдi шаралар қабылдауда.
Ағымдағы жылдың басында дiни экстремизм мен терроризмнiң алдын алуға, сондай-ақ мақсатты топтар арасында профилактикалық жұмыстардың атаулылығын күшейтуге бағытталған аудандарға көшпелi оқыту семинарларының жұмыс жоспары әзiрлендi, келiсiлдi және бекiтiлдi: Серпин бағдарламасы бойынша оқитын студенттер, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар, қоныс аударушылар, жұмыссыздар, такси жүргiзушiлерi,базарлар мен сауда нүктелерiнiң жұмыскерлерi, деструктивтi дiни идеологияға ұшыраған пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар және т. б.
Дiн саласындағы жұмысты үйлестiру және мақсатты индикаторларға қол жеткiзу мақсатында АТЖ қызметiнiң нәтижелерiн ТҚК отырыстарында қарау жоспарлануда.