Қаулысы 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1
«Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi «Құқықтық актiлер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Дiни әдебиеттi және дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды тарату үшiн арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына (2017 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрде эталондық бақылау банкiнде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4365 болып тiркелдi) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң дiн iстерi басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте қамтамасыз етсiн:
1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментi» республикалық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейiн Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жетекшiлiк ететiн мәселелерi жөнiндегi орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi
К. Аксакалов
Солтүстiк Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң 2021 жылғы
8 қаңтардағы № 1 қаулысына
қосымша
Солтүстiк Қазақстан
облысы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы «03» қарашадағы
№ 438 қаулысына қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
|
№ |
Атауы |
Мекенжайы |
|
|
Жеке кәсіпкер «Куминова Елена Владимировна» «Школьник» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Интернационал көшесі, 71
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Куминова Елена Владимировна» «Карандаш» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Евней Бөкетов атындағы көше, 51
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Садакова Ольга Геннадьевна» «Пеликан» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Хименко көшесі, 10 «А»
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Садакова Ольга Геннадьевна» «Кнопка» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 111
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Садакова Ольга Геннадьевна» «Книги» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 14
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Садаков Валерий Геннадьевич «Мир школьника» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Кәрім Сүтішев көшесі, 49
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Харнам Андрей Александрович» «Спутник» сауда үйі |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Евней Бөкетов атындағы көше, 44
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Стебаева Елена Александровна» «Пять звезд» сауда үйі |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы көше, 164
|
|
|
Жеке кәсіпкер «Боев Вячеслав Леонидович» «Рахмет» сауда үйі |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Кәрім Сүтішев көшесі, 58 «Б» |
|
|
Жеке кәсіпкер «Ахметова С. С.» «Караван» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 246 |
|
|
«Алтын Адал» сауда базары жауапкершілігі шектеулі серектестігі
|
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Астана көшесі, 30 «А» |
|
|
Жеке кәсіпкер «Гладкий А. В.» «Орталық Базар» жаппалы әмбебап сауда базары |
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы Янко көшесі, 40 |
|
|
Жеке кәсіпкер «Зайцева Г. А.» «Буратино» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Интернационал көшесі, 22 |
|
|
Жеке кәсіпкер «Белоножко В.А.» «Страна товаров» дүкені |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Астана көшесі, 27 |
|
|
Жеке кәсіпкер «Бектемиров Амир Усманович» «Дария базары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Бостандық көшесі, 22 «А» |
|
|
«Солтүстік Қазақстан облыстық Кришна санасы қоғамы» жергілікті діни бірлестігі |
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Свободная көшесі, 29 |