
Құрылыстың аяқталуын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Уәлиханов ауданына жұмыс сапары барысында тексерді. Жаңа нысанды шалғай аудан тұрғындары көптен күтті. Осы уақытқа дейін емхана жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимаратта орналасқан, медициналық қызметтер тығыз тәртіпте ұсынылған. Жаңа емханада 11 мың тіркелген тұлға үшін қолайлы жағдайлар жасалған.заманауи қондырғылар – цифрлық рентген, маммограф, УДЗ және басқа да аппараттар орнатылды.
Сондай-ақ, ауданға сапар барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындарды, ұн тарту комбинатын аралап, жергілікті шаруалармен кездесу өткізді. Сондай-ақ салынып жатқан жабық бассейннің құрылысын тексерді.
"Еңбек" бағдарламасы бойынша облыс әкімі біздің облысқа көшіп келген Рауан Шалқаровтың отбасына барды. Келген отбасына Кішкенекөлден үй сатып алынды. Ал кәсіпкер Зауреш Сариева "Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасын пайдаланып, аудан орталығында Отбасылық кафе ашты. Аудан тұрғындарымен кездесуде жыл қорытындылары талқыланып, 2025 жылға жоспарлар белгіленді.
Сондай-ақ, Ғауез Торсанұлы шалғайдағы Қулыкөл ауылында болып, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысып, ауыл маңындағы қорғанның дайындығын тексерді. Ауыл тұрғындарымен кездесуде сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, барлық сұрақтар бақылауға алынды.